Мемлекеттік органның ағымдағы қызметі туралы ақпарат

Өз құзыреті шегінде «Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы»  ММ жеке және заңды тұлғалардың жер заңнамасының бұзушылықтарын анықтау және жою бойынша тексеріс іс-шараларын жүргізеді. Тексерістер тек мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер негізінде, сондай-ақ прокуратураның талаптары бойынша жүргізіледі.

Басқарма Жер және Кәсіпкерлік кодекстерін басшылыққа алып өз құзыреті шегінде жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының жер заңдарын және жер учаскелерін пайдалану ережелерін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырып келеді