Сіздермен Біздің Басқарманың қызметі туралы қызығушылық тудыратын ақпараттарына қолданушылардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының ресми сайтында қауышқанымызға қуаныштымыз.


Басқарманың негізгі мiндеттерi мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады.

 

Сайтты пайдаланушылар өздерінің ұсыныстарын және қызықтыратын сұрақтарын орналастыра алады, сонымен қатар сұрақтар мен ұсыныстар қаралып, тиісті жауаптар берілетін болады. Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының ресми веб-сайты, сайтты пайдаланушылар үшін қажетті ақпарат ұсынатын пайдалы ақпарат көзі болатынына сенімдімін.

 

Құрметпен   Өмірәлиев Мұрат Амангелдіұлы
 

 

Нұрғалиев Салауат Ғаббасұлы - басқарма басшысы

 

Қабылдау күндері мен уақыттары: әр сейсенбі және бейсенбі 15.00-17.00 дейін

 

Байланыс телефон 269707

 

Азаматтарды қабылдау және олардың жүгінулерін қарау, қабылдау уақыты және қабылдауға жазылу тәртібі туралы ақпаратты бас маман Беккалиева Ардақ Жанатқызы 269616 телефоны бойынша жүзеге асырады.