«Батыс Қазақстан облысының

жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі, 22 үй.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы жер құқығы қатынастары саласында мемлекеттік бақылау болып табылады.
  2. Міндеттері:

Мемлекеттiк бақылаудың мiндеттерi мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру iсiнiң дұрыс жүргiзiлуiн және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады.

  1. Функциялары:

1) мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауын;

1-1) аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығын;

2) жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуді;

3) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуын;

4) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiн;

5) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiн;

6) жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуын;

7) жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын;

8) азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуын;

9) межелiк белгiлердiң сақталуын;

10) жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуын;

11) бүлiнген жердiң қалпына келтірілуін;

12) жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуын, сақталуын және пайдаланылуын;

13) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуын;

14) жер учаскесін алған адамдардың тізімі бар ақпараттың уақтылы орналастырылуын;

15) сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) уақтылы өткізілуін мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.

16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәселелерді жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға немесе Мемлекеттік корпорацияға жiберу;

2) Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасау;

3) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығару;

4) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, нысаналы мақсатын өзгертуге, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындау және беру;

5) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiру, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеру, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеру;

6) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдарына жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беру;

7) өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұру;

8) мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алу;

9) жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұру;

10) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдану;

11) жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындау.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  2. «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

2) «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

4) «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және босатады;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

6) «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;

9) гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражаттарының тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Батыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

2017 жылғы жаңалықтар мұрағаты

2015-2016 жылғы жаңалықтар мұрағаты