Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

Басқармада 2019 жылғы 19 сәуірінде «Ақжайық – адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы бойынша құқықтық оқыту өткізілді.

2019 жылы 25 ақпан күні «Сыбайлас жемқорлық көріністерін  болдыртпау жөнінде жұмыстар жүргізу» және «Басқармада еңбек тәртібі мен атқарушылық тәртіптің сақталуы» тақырыбы бойынша Басқарма басшысы М.Өмірәливтің төрағалығымен жиналыс өтті.

2019 жылы 08 ақпан күні Басқарманың 2019 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықты болдыртпау алдын – алу мақсатында тексерістерді тағайындау, тіркеу» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Батыс Қазақстан облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының прокуроры Ж.С.Жұмахметова және статист А.Н.Анесов қатысуымен жиналыс өтті.

2019 жылы 25 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі және Басқарма қызметшілермен кездесу өтті.