2017 жылғы жаңалықтар мұрағаты

2017 жылдың 10 ақпанында ҚазИУТЖ ҒБК бірінші проректоры Камиева А.А., БҚО экология департаментінің бөлім басшысы Камбетов О.М., БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Нұрғалиев С.Ғ., БҚО табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы жетекшісінің орынбасары Аманғалиев А.Т., БҚО табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы жетекшісінің орынбасары Умбетов Е.Е., БҚО «Агрекс» АҚ филиалының директоры Кайыров Н.Г., «КазЭкология» директоры Жапек Е.Т., «Орал ауылшаруашылық тәжірибелік станциясы» ЖШС ғылыми жұмыстар жөніндегі директорының орынбасары Лиманская В.Б., Әлеуметтік бірлестік «Батыс Асхаб» құрылтайшысы Кабакаев Ж.А., «Орман және Тәжірибе шаруашылық» басқармасының басшысы Шамилев А. және студенттермен ҚР Президентінің Жолдауын талқылау мақсатында және «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл, ҚР Жер кодексі мониторингінің өзгерістері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

2017 жылғы 04 сәуірде БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының қызметкерлері, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшылары және бас мамандарымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын іске асырылуы жөніндегі жиналыс өтті.

2017 жылғы 01 наурызда жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Т.Нұрахметов, Бөрлі ауданы жер қатынастыры бөлімінің басшысы Е.Казжановтың, мамандарының қатысуымен Жол картасы жобасы бойынша пайдаланылмаған жер учаскелерін қайтару және жер учаскесін өз бетінше басып алуды болдыртпау бойынша тағайындалған мобильдік топтың жұмыстары жөнінде талқыланды.

Басқарма қызметкерлерімен 2017 ж. 20 қаңтарында Халыққа қызмет көрсету орталығында, Облыстық клиникалық ауруханада және «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның БҚО-дағы филиалында мемлекеттік жерді басып алу фактісін болдыртпау және Жер кодексінің нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қала тұрғындарына «Ескерсең қорғаласың» атты жадынамалар таратылды.