2019 жылғы 20 маусым күні БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы М.Өмірәлиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының прокурорлары, БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының, БҚО жер қатынастары басқармасының, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары, аудандардан аудан әкімінің орынбасарлары, жерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар және ауылдық округ әкімдері қатысуымен «ҚР Бас прокуратурасының 2014 жылғы 10 қазандағы №114 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы деректерді орталықтандырылған есепке алуды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты» және «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімінің қолданушы нұсқаулығын» түсіндіру» тақырыбы бойынша жиналыс өтті.